Қапсырма қаққыш құрылғыларға арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
- Әрдайым қапсырма қаққыш машинада бекіткіш элементтер бар деп есептеңіз. Қапсырма қаққыш машинаны ұқыпсыз пайдалану бекіткіш элементтердің атылуына және жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Қапсырма қаққыш машинаны қапсырмаларды салу немесе шығару, керек-жарақтарды баптау немесе өзгерту кезінде қуат көзінен ажыратыңыз. Қапсырма қаққыш машина қуат көзіне қосулы болса, кездейсоқ іске қосылып, нәтижесінде жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Бекіткіш элементтермен жұмыс істеген кезде, әсіресе оларды салған және шығарған кезде аса мұқият болыңыз. Бекіткіш элементтердің жарақат тигізуі мүмкін өткір ұштары бар.
- Аспапты өзіңізге немесе кез келген басқа адамға қаратпаңыз. Күтпеген іске қосылу бекіткіш элементтің босатылуына және нәтижесінде жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Степлермен жұмыс істемеген кезде және бір жұмыс күйінен басқасына ауысқан кезде саусағыңызды іске қосқыш тартпадан алшақ ұстаңыз. Күтпеген іске қосылу нәтижесінде бекіткіш шығарылып, пайдаланушыға жарақат тигізуі мүмкін.
- Қапсырма жасырын сымдарға тиюі мүмкін әрекеттерді орындаған кезде қапсырма қаққыш машинаны оқшауланған ұстау беттерінен ұстаңыз. Егер қапсырма кернеу астындағы сымға тисе, қапсырма қаққыш машинаның ашық металл бөлшектері кернеу астына түсіп, пайдаланушыны ток соғуы мүмкін.
- Қапсырма қаққыш машинаны пайдалану кезінде мықтап ұстаңыз. Қапсырма қаққыш машинаның басқарылмайтын кері соғуы кездейсоқ іске қосуға әкелуі мүмкін, нәтижесінде жарақат алуыңыз мүмкін.
- Қол-аяқ сияқты барлық дене мүшелерін қапсырма қаққыш машинаның қағу бағытынан алшақ ұстаңыз. Бекіткіш элемент дайындамаға, сондай-ақ оның артында тұрған кез келген затқа кіріп, нәтижесінде жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Қапсырма қаққыш машинаны пайдалану кезінде дененің қол-аяқ сияқты барлық дене мүшелерін қапсырманың дайындамаға қағылатын аймағынан алшақ ұстаңыз. Қапсырма ауытқып, дайындамадан шығып кетуі мүмкін, нәтижесінде жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Қапсырма қаққыш машина дайындамаға тұрақты орналастырылмаған болса, оны іске қоспаңыз. Қапсырма қаққыш машина дайындамаға тимей тұрса, бекіткіш элемент дайындамадан ығысып, жарақат тигізуі мүмкін.
- Бұл қапсырма қаққыш машинаны электр кабельдерді қысу үшін пайдаланбаңыз. Ол электрлік кабельдерді монтаждауға арналмаған және электрлік кабельдердің оқшаулағышына зақым келтіруі мүмкін. Бұл ток соғу немесе өрт қаупін тудыруы мүмкін.
- Бекіткіш элемент қапсырма қаққыш машинаның ішінде қысылып қалса, машинаны қуат көзінен ажыратыңыз. Қысылып қалған бекіткіш элементті шығарып алу кезінде, қапсырма қаққыш машина қуат көзіне қосулы болса, ол кездейсоқ іске қосылып, жарақат тигізуі мүмкін.
- Қысылып қалған бекіткіш элементті шығарып алу кезінде сақ болыңыз. Механизм қысым астында болуы мүмкін және бекіткіш элемент күшпен шығып кетіп, жарақат тигізуі мүмкін.
- Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.
Белгілер мен олардың мағынасы
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағынасы | |
|---|---|
| Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы мүмкін. |
| Қорғаныш көзілдірікті киіңіз. |

