Негізгі реттеулерді тексеріп реттеңіз
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.
- Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
- Бекіткіш тетік (11) тартылған болса, оны босатыңыз.
- Бұғаттау түймесін (10) төмен қарай итеріп, аралау үстелін (32) 0° ойығына (14) дейін бұраңыз.
- Бұғаттау түймесін (10) қайтадан жіберіңіз. Аралау үстелі ойыққа шерту дыбысымен тірелуі керек.
- Жылжымалы тіреуіш планкаларды (18) алып тастаңыз.
Тексеру (U1 суретін қараңыз)
- Бұрыштық үшбұрышты (55) 90° бұрышпен, ара дискісі (46) тіреуіш планканың (17) және аралау үстеліндегі (32) ара дискісінің арасында жататындай етіп қойыңыз.
Бұрыштық үшбұрыштың бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша тіреуіш планкада жатуы керек.
Реттеу (U2 суретін қараңыз)
- Барлық ішкі алты қырлы бұрандаларды (56) жинақтағы алты қырлы дөңбек кілтпен (27) босатыңыз.
- Тіреуіш планканы (17), бұрыштық үшбұрыш бүкіл ұзындығы бойынша беттеп жатқанша бұраңыз.
- Бұрандаларды қайтадан мықтап тартыңыз.
- Манипуляторды 0° позиция үстінен солға, содан кейін ол шерту дыбысымен 0° позицияда тірелгенше, оңға қайырыңыз.
Тексеру
(50) және (52) бұрыш индикаторлары шкаланың (51) 0° белгілерімен бір сызықта болуы керек.
Реттеу
- Бұрандаларды (57) крест ойықты бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз.
- Бұрандаларды қайтадан мықтап тартыңыз.
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Аралау үстелін (32) 0° ойығына (14) дейін бұраңыз. Иінтірек шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс.
Тексеру
Бұрыш индикаторы (13) шкаланың (33) 0° белгісімен бір сызықта болуы керек.
Реттеу
- Бұранданы (58) жинақтағы крест тәрізді бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз.
- Бұранданы қайтадан тартыңыз.