Жұмыс істеуге дайындау

Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.

Аралау үстелін аралау үстелінің ұзартқыштары (15) көмегімен солға немесе оңға ұзартуға болады.

  • Қысқыш иінтіректі (31) жоғары қайырыңыз.
  • Аралау үстелінің ұзартқышын (15) қажетті ұзындыққа дейін сыртқа тартыңыз.
  • Аралау үстелінің ұзартқышын бекіту үшін қысқыш иінтіректі (31) қайтадан төмен итеріңіз.

Дайындама тіреуіштерінің (16) икемді штепсельдік жүйесі ұзарту немесе кеңейту нұсқаларының алуан түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді.

  • Қажет болса, дайындама тіреуішін (16) электр құралындағы бекіткіштерге (40) немесе екінші дайындама тіреуішінің бекіткіштеріне (41) енгізіңіз.
  • Электр құралын еш жағдайда дайында тіреуіштерінен ұстап тасымаңыз.
    Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау аспаптарын пайдаланыңыз.

Тік еңіс бұрыштары бойынша аралау кезінде кесу бағытына байланысты сол немесе оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (18) толықтай алып тастау немесе сыртқа тарту керек.

  • Қатпарлы бұрандаларды (37) босатыңыз.
  • Алып тастау:
    Жылжымалы тіреуіш планканы (18) жоғары көтеріп қойыңыз.
    Жылжыту:
    Жылжымалы тіреуіш планканы (18) толықтай сыртқа тартыңыз.

Тік еңіс бұрышы бойынша аралағаннан кейін жылжымалы тіреуіш планканы (18) бастапқы күйіне қайтарып, қатпарлы бұрандаларды (37) мықтап тартыңыз.

Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек.
Мықтап қысу үшін тым кішкентай болған дайындамаларды өңдемеңіз.

  • Дайындаманы (17) және (18) тіреуіш планкаларына қарай басыңыз.
  • Жинақтағы бұрандалы қысқышты (19) арнайы саңылауларға (39) енгізіңіз.
  • Қатпарлы бұранданы (48) босатып, бұрандалы қысқышты дайындамаға сәйкестендіріңіз. Қатпарлы бұранданы қайтадан мықтап бекітіңіз.
  • Бұрандалы өзекті (49) тартып, осылайша дайындаманы бекітіңіз.

Дайындаманы босату

  • Бұрандалы қысқышты босату үшін бұрандалы өзекті (49) сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.