Бөліктерін орнату
- Жинақтағы барлық бөлшектерді абайлап орауыштан шығарып алыңыз.
- Бүкіл орауыш материалды электр құралы мен жинақтағы керек-жарақтардан алып тастаңыз.
Дайындама тіреуіштерін монтаждау (A суретін қараңыз)
Дайындама тіреуіштерін (16) электр құралының сол, оң немесе алдыңғы жағында орналастыруға болады. Икемді штепсельдік жүйе ұзарту немесе кеңейту нұсқаларының алуан түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді (I суретін қараңыз).
- Қажет болса, дайындама тіреуішін (16) электр құралындағы бекіткіштерге (40) немесе екінші дайындама тіреуішінің бекіткіштеріне (41) енгізіңіз.
- Электр құралын еш жағдайда дайында тіреуіштерінен ұстап тасымаңыз.
Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау аспаптарын пайдаланыңыз.