Пайдалануға ендіру
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
- Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) электр құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (5) көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (7) басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (5) сол жағынан төмен жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан жоғары қарай жылжытыңыз.
Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (5) сол жағынан жоғары қарай жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан төмен қарай жылжытыңыз.
- Беріліс ауыстырып-қосқышын (9) электр құрал баяу істеп тұрғанда пайдалануға болады. Алайда мұны жұмыссыз күйде, толық жүктеме немесе максималды айналымдар санында орындау мүмкін емес.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (9) арқылы 2 айналу жиілігінің диапазонын таңдауға болады.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (9) тірелгенше бұралмаса, редуктор шпинделін бұрғымен айналдырыңыз.
Беріліс | Позиция | Айналу жиілігі | Қолдану диапазоны |
|---|---|---|---|
I беріліс: |
| Төмен | Үлкен бұрғылау диаметрімен жұмыс істеуге немесе бұрауға арналған. |
II беріліс: |
| Жоғары | Шағын бұрғылау диаметрімен жұмыс істеуге арналған. |

Жоғары реакциялық моменттерді шектеу үшін электр құрал артық жүктеме ажыратқышымен (анти-ротациялық) жабдықталған.
- Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады. Осында пайда болатын күш себебінен электр құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта тұрыңыз.
- Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз. Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде жоғары реактивті күш пайда болады.
(GSB 24-2)

Жылдам өшіру (KickBack Control) электр құралын жақсырақ бақылауға көмектеседі және осылайша KickBack Control құралы жоқ электр құралдарымен салыстырғанда пайдаланушы қорғанысын да күшейтеді. Электр құралы бұрғы осі бойынша кездейсоқ және кенет айналса, электр құралы өшіп қалады.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты жіберіп, екінші рет қайта басыңыз.
- Егер KickBack Control функциясы ақаулы болса, электр құралы бұдан былай қосылмайды. Электр құралыңызды тек қана білікті маманға және түпнұсқа қосалқы бөлшектермен бірге жөндетіңіз.
Айналу жиілігін электрондық әдіспен алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіш (8) арқылы қажетті айналу жиілігін/соққы санын жұмыс істеу кезінде де алдын ала таңдауға болады.
Қажетті айналу жиілігі/соққы саны материал мен жұмыс істеу шарттарына байланысты болады және тәжірибе арқылы анықталуы мүмкін.
Нақты айналу жиілігі I-III аймақтарындағы айналу жиілігін электрондық әдіспен алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіштің (3) күйіне және ажыратқыштың (7) басылу күшіне байланысты болады. Төмендегі кестеде айналу жиіліг туралы толығырақ ақпарат берілген.
Айналу жиілігін электрондық әдіспен алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіштің (3) күйі | 1-берілістегі айналу жиілігі | 2-берілістегі айналу жиілігі |
|---|---|---|
I | 270–480 | 900–1600 |
II | 480–690 | 1600–2300 |
III | 690–900 | 2300–3000 |
Аталған мәндер үшін ±3% рұқсатты ауытқу қолданылады.

Айналу моментін алдын ала таңдау тетігімен бұрғылау үшін ауыстырып-қосқышты (4) "Бұрғылау" белгісіне орнатыңыз. Айналмалы реттегіштің (3) көмегімен қажетті айналу жиілігін жұмыс істеген кезде де алдын ала таңдауға болады.

Айналу моментін шектеу тетігімен бұрау үшін ауыстырып-қосқышты (4) "Бұрау“ белгісіне орнатыңыз. Айналмалы реттегіштің (3) көмегімен бұрғылау шпинделіне әсер ететін айналу моментін жұмыс істеген кезде де сатысыз алдын ала таңдауға болады:
I=төмен айналу моменті, III=жоғары айналу моменті.
Максималды айналу моменті реттелген айналу моментіне автоматты түрде бейімделеді.
Бұрау кезінде алдын ала таңдалған айналу моментіне жетсе, электр құралы өшеді; алмалы-салмалы аспап одан ары айналмайды. Егер осыдан кейін электр құралы оған түсетін жүктемеден босатылса және ажыратқыш (7) әлі басылып тұрса, алмалы-салмалы аспап қауіпсіздік тұрғысынан одан ары өте төмен айналу жиілігімен ғана айналады.
Ажыратқышты (7) қысқа уақытқа жібергеннен кейін, кейінгі бұранданы бірдей айналу моментімен тартуға болады.

Айналу моментін шектеу тетігінсіз бұрау үшін айналмалы реттегішті (3) тігінен тірелгенше бұраңыз. Осылайша реттеу III күйіндегі айналу моменті жеткілікті болмаған жағдайда қажет болады.



